
Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрлігінде «Ахмет Байтұрсынұлы: тұлға, тағылым, мұра» тақырыбындағы тағылымды кездесу өтті.
Жиынғааталған Министрліктің аппарат басшысы, департамент, басқарма басшылары менқызметкерлеріқатысты.
Кездесуді Министрліктің аппарат басшысы Асқар Сақтағанұлы Биахметов ашып, кіріспе сөзінде мемлекеттік тілдіңсаладақолданылу аясын кеңейтудің маңызына тоқталды.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы ТілешовАхмет Байтұрсынұлыныңөмір жолы мен мұрасыжайлы, ағартушылық бағыттағы қайраткерлігі жәнеқазақ тіл білімінің негізін қалыптастырудағы еңбектері туралыбаяндады. Ғалымның жазған кітаптары мен мақалаларыжәне ғылыми тұжырымдарыныңқорытындыларыбүгінгіоқыту үдерісінде, ғылыми бағыттакеңінен қолданылып жүргендігі айтылды.
Іс-шара қорытындысындақатысушылар QR-код арқылыалған ақпараттарыбойыншатанымдық викториналық сұрақтарғажауап берді.
Жиын барысында Министрлікқызметкерлері арасында өткен эссе байқауының жеңімпаздарымарапатталды.








