«Күміс кереге – Алтын шаңырақ»

    «Күміс кереге – Алтын шаңырақ»

    Қызылащы ауылдық округінде Отбасы күніне орай «Күміс кереге – Алтын шаңырақ» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

    Кездесудің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті насихаттау, жас ұрпаққа өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету және ұлттық шаңырақтың қадір-қасиетін арттыру.

    Кездесуге 30 жылдан астам уақыт бойы қол ұстасып, қуаныш пен қиындықты бірге бөлісіп келе жатқан Абишевтер отбасы және 50 жыл бойы бір шаңырақтың отын маздатып, ұрпақ өрбіткен өнегелі Бакитовтар отбасы қатысты.

    Кеш барысында ардақты отбасылармен мазмұнды сұхбат жүргізіліп, олардың отбасылық өмірі, татулық пен берекенің сыры, бала тәрбиесі және өмірлік құндылықтары туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Сонымен қатар қатысушылар арасында шағын ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

    Осындай өнегелі отбасылардың өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі, берекелі шаңыраққа бағыт-бағдар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары