Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуы мен денсаулығын нығайтуға бағытталған заманауи инфрақұрылым қалыптастырылған. Мұнда балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған гимнастика залы, жүзу бассейні және тыныс алу жолдарының саулығын қолдауға арналған тұз шахтасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, бөбекжайдың оқу-тәрбие ортасы балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталған. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта қолданыстағы талаптарға сәйкес бейнебақылау жүйесімен толық қамтамасыз етілген.
Жұмыс сапары барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігі мен қолайлы дамуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Инвестициялық жобалар арқылы өңірдегі мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамыту және бүлдіршіндер үшін қауіпсіз, жайлы әрі заманауи тәрбие ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.




