
Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев «Майкаинзолото» АҚ өндірістік нысандарын аралады. Сапардың негізгі мақсаты – полиметалл және құрамында алтын бар кендерді өндірумен әрі өңдеумен айналысатын кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру және технологиялық талаптардың сақталуын бақылау. Государственный орган басшысы кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен егжей-тегжейлі танысты. Сонымен қатар, Рашид Құлтайұлы 2024 жылы Майқайың жерасты кенішінде орын алған қайғылы оқиға орнында және қаза тапқан құтқарушыларға арналған мемориалда болды.
Тексеру барысында Бетон-қалау кешеніндегі жұмыс барысы мұқият зерделеніп, өндірістік жүйенің бекітілген стандарттарға сәйкестігі бағаланды. Тау-кен нысанын аралап шыққаннан кейін кәсіпорын басшылығымен және еңбек ұжымымен жұмыс кеңесі өтті.
Жиын соңында Рашид Дубаев өңірдегі өндірістік нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәуекелдерді азайту және оқыс оқиғалардың алдын алу жөнінде басшылыққа бірқатар нақты тапсырма жүктеді.









