ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

    Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Манар Төлегенов азаматтарды жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылдады.

    Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған түйткілді сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту мәселелерін көтерді.

    Әкім орынбасары жұмыссыздықты азайту және халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

    Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан қойылған әрбір сұраққа қолданыстағы заңнама шеңберінде жан-жақты, нақты түсініктеме берілді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары