«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын, «Адал адам» қағидатын іске асыру, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының құндылықтарын насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, командалық рухты нығайту және корпоративтік мәдениетті дамыту мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған спартакиада аясында жаппай өндірістік гимнастика өтті.

    Аталған іс-шараға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, басқарма мамандары және білім беру ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты.
    Өндірістік гимнастика барысында қатысушылар салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіп пен жауапкершілікті дәріптеуге, бірлік пен ұйымшылдықты нығайтуға бағытталған ортақ бастаманы қолдап, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
    Осындай игі бастамалар мемлекеттік қызметшілер арасында дене белсенділігін арттырумен қатар, ұжымдық ынтымақтастықты күшейтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары