БІР МЕКТЕП. БІР МАМАНДЫҚ. ТҰТАС ЕҢБЕК ЖОЛЫ.
Бөрлі ауданындағы «Ақбұлақ мектеп-балабақша кешенінде» 1996 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз – Самарбаева Жаннат Халелқызы.
Зерттеуші санатты география және биология пәндерінің мұғалімі өз еңбек жолын осы білім ордасымен байланыстырып, талай жыл бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп келеді.
Жаннат Халелқызы – өз ісін жетік меңгерген, ізденістен жалықпайтын, заманауи білім беру әдістерін тиімді қолданатын білікті маман. Ұстаз сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, олардың сыни ойлау, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірт жетістігі. Жаннат Халелқызының шәкірттері облыстық және республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар мен түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар мен марапаттарға ие болып келеді.
Өзінің кәсіби тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп жүрген Жаннат Халелқызы мектептегі жас мамандар клубына жетекшілік етеді.
Бұл – ұстаздыққа деген шынайы сүйіспеншілік пен мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі.




