
Семей қаласы, Глинки көшесі, 63 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен аула аумағын абаттандыру мәселелері бойынша көшпелі кездесу өткізілді.
Кездесуге Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов, сондай-ақ «Әділет» партиясының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар аула аумағын абаттандыру, балалар ойын алаңын салу, аула аумағындағы жолдарды жөндеу, сондай-ақ ағаштарды кесу және санитарлық қырқу мәселелерін көтерді.
Тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер берді.









