
Катонқарағай МҰТП ғылым бөлімінің басшысы Алия Габдуллина Қазақстан және Ресей ғалымдарымен бірлесіп, ұлттық парк аумағындағы жарқанаттарға арналған ғылыми мақала жариялады. Зерттеуде жарқанаттардың 7 түрі, олардың таралуы, қоректенуі мен көбею ерекшеліктері туралы деректер берілген. Олардың қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек түр — Иконников жарқанаты бар.









