Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

    Шығыс Қазақстан облысының ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы заңды тұлғалардың саладағы біліктілік талаптарын сақтауын жоспарлы түрде тексерді. Шара барысында «VINCH & K», «ҒТО «ВОСТОКТЕХНОСЕРВИС», «ВОСТОКМОНТАЖ» және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік орталығы «АР» серіктестіктерінің қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде аталған ұйымдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Бұған қоса, олардың тиісті жұмыстарды жүргізуге берілген аттестаттарының қолданылуы 6 айға тоқтатылды. Мемлекеттік бақылау қауіпті өндірістік нысандардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрі қарай жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары