
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру.
Осы қағидатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №282 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ғимараттардың, құрылыстардың және олардың периметрі бойынша 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл талаптарды сақтау – әрбір меншік иесінің заңмен белгіленген міндеті. Заң талаптарының орындалмауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы және 505-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар елді мекендерде заң талаптарының орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес әрбір азамат Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті.
Осыған байланысты Шардара ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне заң талаптары тұрақты түрде түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына бақылау жүргізілуде.
Заңға құрмет – құқықтық мемлекеттің негізі. Әрбір азаматтың өз міндетін орындауы қоғамдағы заң үстемдігін нығайтып, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.








