дәріс өткізілді

    дәріс өткізілді

    🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 8 қыркүйекте құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің бас маманы Досмұхамбетова А.Э. «Затобол ТЭК» қызметкерлеріне «Нотариаттық қызмет және заң көмегін көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында дәріс өткізді.
    Дәріс барысында Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет пен заң көмегін көрсету саласын реттейтін заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, олардың іс жүзінде қолданылу тәртібіне тоқталды.
    🔹Іс-шара барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    🔹Аталған іс-шаралар азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары