Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылу үшін кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілуі тиіс.
Ол үшін:
• өтініш береді;
• әлеуметтік кәсіпкерлік өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады;
• құжаттарды өңірлік үйлестірушіге қарауға жолдайды.
Қызылорда облысында құжаттар Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынылады.
Тізілім әлеуметтік кәсіпкерліктің келесі негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі:
• әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту;
• олардың тауарлары мен қызметтерін өткізуге жәрдемдесу;
• әлеуметтік, медициналық, білім беру және оңалту қызметтерін көрсету;
• білім беру, экология, балаларды қолдау және салауатты өмір салтын дамыту бағыттарындағы қызмет.