Облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз айларындағы демалыс уақыттарын көңілді әрі мазмұнды өткізу мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?
Жазғы демалыс кезеңінде тұрғындар мен қонақтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және отбасылық демалысты мазмұнды өткізу мақсатында мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Атап айтқанда:
• саябақтар мен скверлерде ашық аспан астындағы концерттік бағдарламалар;
• шығармашылық кештер мен көрмелер;
• театрландырылған қойылымдар;
• ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған мәдени іс-шаралар;
• түрлі ойын-сауық және отбасылық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Лагерьлер мен мектепке дейінгі ұйымдарда олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қойылымдар, мәдени-танымдық және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі.