Мен жергілікті ақын-жазушы ретінде өз қаражатым есебінен жарыққа шығарған кітабымды кітапхана қорына енгізу үшін сатып алуға ұсынсам, кітапхана тарапынан қарастыруға мүмкіндік бар ма?
Кітапханаға автордың өз қаражаты есебінен жарыққа шығарған басылымын қорды толықтыру мақсатында ұсынуға болады.
Ұсынылған басылымды қарау кезінде:
• кітаптың мазмұны мен тақырыптық бағыты;
• әдеби, ғылыми-танымдық және мәдени құндылығы;
• өңірдің әдеби-мәдени мұрасын сақтау үшін маңыздылығы;
• кітапхана қорының бейініне сәйкестігі;
• оқырмандардың сұранысы мен қажеттілігі ескеріледі.
Егер басылымның кітапхана қорына қажеттілігі анықталса, оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу тәртібімен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.