«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараларға барлығы 46 934 адам қатысты. Олардың қатарында еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының қызметкерлері және кәсіпорын жұмысшылары болды.
Акция нәтижесінде:
• 1 067 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды;
• 156 сквер мен парк тазартылды;
• 225 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы ретке келтірілді;
• 791 әлеуметтік нысан тазартылды;
• 407 өнеркәсіп және бизнес нысаны абаттандырылды;
• 8 су объектісінде тазалау жұмыстары жүргізілді;
• 843 көше және аула аумағы тазартылды;
• жұмыстарға 548 арнайы техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 23 наурызда өткен «Мөлдір бұлақ» және «Тазару күні» акциялары аясында шамамен 7 мың адам қатысып, 16 мыңға жуық көшет отырғызылды және 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Қайда жүгінуге болады:
• жергілікті атқарушы органдарға;
• қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға;
• экологиялық акцияларды ұйымдастырушы ұйымдарға.