Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін кезек тәртібімен беру және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін кезек тәртібімен беру және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44-бабының 6-тармақшасына сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берілген өтініштер арнайы кезекке қойылады. Жер учаскелері тек дайын бос аумақтар болған жағдайда және инфрақұрылымы (су, электр жарығы) бар жерлерде ғана беріледі.

    Қазіргі уақытта Тараз қаласының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау құжатына сәйкес, А. Асқаров көшесінің соңындағы және Хамукат алқабындағы аумақтарда жеке тұрғын үй салуға жер дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта бұрын ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылған жерлер мемлекет қажетіне қайтарылып, мемлекеттік меншікке өткізілді.

    А. Асқаров көшесінің соңындағы аумақта жалпы 368,3 гектар жер бар, оның 46,4 гектары жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген. Бұл жерде инженерлік желілер (су, электр және т.б.) тарту жұмыстары жүргізілуде.

    Сондай-ақ, Хамукат тұрғын алқабында да инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл аумақтың жалпы көлемі 125 гектарды құрайды.

    Инженерлік желілер толық аяқталғаннан кейін, 2006 жылдан бері кезекте тұрған азаматтарға осы екі аумақта жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелері кезек тәртібімен берілетін болады.

    Жеке тұрғын үй құрылысына жер алу кезегін мына сілтеме арқылы көруге болады: https://map.gov4c.kz/egkn/

    Тараз қаласында жер учаскелері тек кезек реттілігіне сәйкес беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтардың шаруа қожалықтарынан жер үлестерін бөлу және өтемақы алу мәселелері

    Жауап

    Егер азамат өзіне тиесілі жер үлесін немесе жерге қатысты құқығын шаруашылық серіктестікке, өндірістік кооперативке немесе шаруа қожалығына берген болса, кейін ол сол ұйымнан шыққысы келсе, онда оның мынадай құқықтары бар: Ол өз үлесін (оның ішінде жер учаскесін де) ұйымнан жеке...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынын пәтер алу мәселесі

    Жауап

    Қазақстандағы тұрғын үйге байланысты мәселелер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң арқылы реттеледі. Бұл заң азаматтардың мемлекеттен үй алу тәртібін, кезекке тұру шарттарын және тұрғын үйді бөлу ережелерін анықтайды. «orken.otbasybank.kz» сайтына кіру арқылы санатқа жататындығын...

    Сұрақ

    Орталықтандырылған жылу жүйесі өшкен жағдайда жедел әрекет ету және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру мәселесі

    Жауап

    Жылу жүйесі (орталықтандырылған жылу немесе ыстық су) өшіп қалған жағдайда, ең бастысы – жылуды сақтап, үйдің қатты суып кетуіне жол бермеу. Алғашқы шұғыл әрекеттер: Ең алдымен, үйге жауапты қызметтерге хабарласыңыз: Пәтер иелері кооперативіне (ПИК/КСП), мүлік иелері бірлестігіне...

    Сұрақ

    Учаскелік дәрігерді (емхананы) ауыстыруға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) көрсететін медициналық ұйымды (емхананы) және учаскелік дәрігерді өз еркімен таңдай алады. Бұл таңдау тіркелу (прикрепление) қағидаты арқылы жүзеге асырылады. Барлық Қазақстан Республикасының азама...

    Сұрақ

    Вакцинациядан бас тартуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар профилактикалық егулерден бас тартуға құқылы. Бұл құқық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген және азаматтың ерікті келісім қағидатына негізделеді. Вакцинация тек азаматтың немесе кәмелетк...

    Сұрақ

    Баланың стационарлық ем алу кезінде ата-анасы немесе заңды өкілімен бірге жатуға рұқсат беріле ме?

    Жауап

    Баланың стационарлық емдеу кезінде ата-анасының немесе заңды өкілінің бірге болуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен медициналық практикасына сәйкес реттеледі. Бұл құқығыңыз баланың жасына, денсаулық жағдайына және медициналық көрсеткіштерге байланысты анықталад...

    Сұрақ

    Үйге дәрігер шақыру тәртібі қандай?

    Жауап

    Үйге дәрігер шақырту – науқастың немесе оның туыстарының жағдайына байланысты дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігі. Бұл қызмет әсіресе ауырған, жүруі қиын немесе инфекциялық аурулары бар адамдар үшін қолжетімді. Үйге дәрігер шақыруға тек келесі жағдайларда құқылы боласыз: Жоғары дене...

    Сұрақ

    Басқа өңірде емделіп келгеннен кейін жол жүру шығындары өтеле ма?

    Жауап

    Кімдердің жол ақысы төленеді? Науқастың өзіне: Егер ол жоғары технологиялық көмек алуға немесе МӘМС арқылы басқа қалаға емге жіберілсе. Бірге жүретін адамға (ілеспе тұлға): Егер дәрігерлік комиссия (ДКК) "науқасқа қасында көмекші керек" деп қорытынды берсе, 1 адамның жол ақысы 10...