Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға қалай өтініш беруге болады?

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға өтінішті онлайн түрде немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша тапсыруға болады.

    1. Онлайн өтініш беру

    АӘК-ке өтінішті eGov.kz порталы арқылы беруге болады.

    Ол үшін:

    1.eGov.kzпорталына ЭЦҚ немесе SMS-код арқылы кіріңіз.

    2.«Әлеуметтік қамсыздандыру»бөліміне өтіңіз.

    3.«Отбасыларды қолдау»бағытын таңдаңыз.

    4.«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»қызметін таңдаңыз.

    5.Қажетті мәліметтерді енгізіп, өтінішті толтырыңыз.

    6.Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.

    Маңызды:ЕгерСізге 1414 нөмірінен АӘК тағайындауға қатысты проактивті (автоматты) хабарлама келсе, ұсынысты SMS арқылы растау арқылы да өтініш бере аласыз.

    2. Тараз қаласында офлайн өтініш беру

    Тараз қаласының тұрғындары АӘК-ке қатысты өтінішті Мансап орталығы арқылы бере алады.

    Мекенжайы:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78.

    Мансап орталығында құжаттарды қабылдау және жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру бойынша тиісті қызметтер көрсетіледі.

    Қажетті құжаттар

    Көптеген мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады. Сондықтан, әдетте, өзіңізбен бірге:

    ·жеке куәліктің түпнұсқасын алып бару қажет;

    ·егер мемлекеттік базада қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, отбасы мүшелерінің құжаттары;

    ·балалардың туу туралы куәліктері;

    ·табыс көздерін растайтын мәліметтер қажет болуы мүмкін.

    Өтініш қабылданғаннан кейін отбасының әлеуметтік және материалдық жағдайын бағалау мақсатында учаскелік комиссия отбасының тұрғылықты мекенжайына баруы мүмкін.

    Комиссия отбасының тұрмыстық жағдайын зерделеп, тиісті тексеру актісін жасайды. АӘК тағайындау туралы шешім өтініш пен ұсынылған мәліметтерді қарау нәтижесінде қабылданады.

    Ескерту:Құжаттар тізімі мен өтініш беру тәртібі қолданыстағы талаптарға байланысты өзгеруі мүмкін. Өтініш берер алдында өзіңізге қажетті құжаттардың нақты тізімін Мансап орталығынан немесе eGov.kz порталынан нақтылап алған жөн.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мұрағаттық анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті Жамбыл облысы, Тараз қаласы және аудандардың мемлекеттік архивтері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер бер...

    Сұрақ

    10 соттық жер кезегін қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 10 соттық жер учаскесін алу кезегіңізді eGov.kz порталы арқылы онлайн тексере аласыз. Ол үшін: 1.eGov.kzсайтына кіріңіз. 2.«Жылжымайтын мүлік» → «Жер қатынастары»бөліміне өтіңіз. 3.«Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық) алуға кезект...

    Сұрақ

    Тұрғын үй сертификатын қалай алуға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй сертификатын алу үшін KEZEKTE.KZ — AMANAT сайты арқылы онлайн өтінім бере аласыз. Өтінім бермес бұрын төмендегі құжаттарды алдын ала дайындап қойыңыз. Ең алдыменбарлық құжаттар PDF форматында, сапалы сканерленген түрде болуы қажет. Қажетті құжаттар: 1.Іріктеуден өткенді...

    Сұрақ

    Тұрғын үй кезегін қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Тұрғын үй кезегінде тұрғаныңызды және кезектегі мәртебеңізді orken.otbasybank.kz порталы арқылы онлайн тексере аласыз. Ол үшін: 1.orken.otbasybank.kzсайтына кіріңіз. 2.«Есепке қою мәртебесін тексеру»бөлімін таңдаңыз. 3.Өз ЖСН-іңізді енгізіңіз. 4.«Тексеру»батырмасын басыңыз. Егер...

    Сұрақ

    Азаматтардың шаруа қожалықтарынан жер үлестерін бөлу және өтемақы алу мәселелері

    Жауап

    Егер азамат өзіне тиесілі жер үлесін немесе жерге қатысты құқығын шаруашылық серіктестікке, өндірістік кооперативке немесе шаруа қожалығына берген болса, кейін ол сол ұйымнан шыққысы келсе, онда оның мынадай құқықтары бар: Ол өз үлесін (оның ішінде жер учаскесін де) ұйымнан жеке...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынын пәтер алу мәселесі

    Жауап

    Қазақстандағы тұрғын үйге байланысты мәселелер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң арқылы реттеледі. Бұл заң азаматтардың мемлекеттен үй алу тәртібін, кезекке тұру шарттарын және тұрғын үйді бөлу ережелерін анықтайды. «orken.otbasybank.kz» сайтына кіру арқылы санатқа жататындығын...

    Сұрақ

    Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін кезек тәртібімен беру және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44-бабының 6-тармақшасына сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берілген өтініштер арнайы кезекке қойылады. Жер учаскелері тек дайын бос аумақтар болған жағдайда және инфрақұрылымы (су, электр жарығы) бар жерлерде ғана беріл...

    Сұрақ

    Орталықтандырылған жылу жүйесі өшкен жағдайда жедел әрекет ету және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру мәселесі

    Жауап

    Жылу жүйесі (орталықтандырылған жылу немесе ыстық су) өшіп қалған жағдайда, ең бастысы – жылуды сақтап, үйдің қатты суып кетуіне жол бермеу. Алғашқы шұғыл әрекеттер: Ең алдымен, үйге жауапты қызметтерге хабарласыңыз: Пәтер иелері кооперативіне (ПИК/КСП), мүлік иелері бірлестігіне...