Тұрғын үй кезегін қалай тексеруге болады?
Тұрғын үй кезегінде тұрғаныңызды және кезектегі мәртебеңізді orken.otbasybank.kz порталы арқылы онлайн тексере аласыз.
Ол үшін:
1.orken.otbasybank.kzсайтына кіріңіз.
2.«Есепке қою мәртебесін тексеру»бөлімін таңдаңыз.
3.Өз ЖСН-іңізді енгізіңіз.
4.«Тексеру»батырмасын басыңыз.
Егер сіз тұрғын үй кезегінде тұрсаңыз, жүйеде:
·кезектегі мәртебеңіз;
·санатыңыз;
·есепке қойылған күніңіз;
·кезекке қатысты басқа да мәліметтер көрсетіледі.
Осылайша, тұрғын үй кезегіңіз туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, онлайн тексеріңіз.