Қысқа жауап:
Қазақстан Республикасында бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы шешім уақыт есебін табиғи (астрономиялық) күн уақытына барынша сәйкестендіру мақсатында қабылданды.
Аталған өзгеріс халықтың тәуліктік қызметін табиғи жарық кезеңімен үйлестіруге, уақыт айырмашылығын оңтайландыруға және ел аумағында бірыңғай уақыт тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған.
Толық жауап:
Қазақстан аумағында уақыттың табиғи күн мен түн ырғағына барынша сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады.
Зерттеулер көрсеткендей, аталған уақыт белдеуі өңірлердің басым бөлігі үшін астрономиялық (күн) уақытқа неғұрлым жақын: күннің шығуы мен батуы халық үшін дәстүрлі әрі қолайлы уақыт аралығында өтеді.
2023 жылдың көктемінде ғалымдардан, депутаттардан, сарапшылардан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды.
Аталған жұмыс тобы уақыттың халық денсаулығына әсерін, тұрғындардың пікірін және халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеді.
Талқылау қорытындылары бойынша бірқатар өңірлерде уақыт бір сағатқа кейін шегеріліп, ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуі белгіленді.
Жұмыс тобы жүргізген зерделеу нәтижелері бұл шешімнің азаматтардың денсаулығына және жалпы өзін-өзі сезінуіне оң әсер ететінін, сондай-ақ табиғи уақытқа неғұрлым жақын тәуліктік режимді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Мысалы: Алматы қаласының уақыт белдеуін есептейтін болсақ: Жер шары 24 сағатта 360°-қа айналады. Демек, 1 сағат 15°-қа, ал 1° шамамен 4 минут уақытқа сәйкес келеді.
UTC+5 уақыт белдеуінің орталық меридианы 5 × 15° = 75° шығыс бойлығы бойынша анықталады. Алматы қаласы 76° шығыс бойлығында орналасқан. Яғни айырмашылық 76° − 75° = 1° болады, бұл шамамен 4 минут астрономиялық (күн) уақыттан ауытқуды білдіреді.
Қазақстан аумағы шамамен 46° мен 87° шығыс бойлығы аралығында орналасқанын ескерсек, бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуін қолдану елдің табиғи географиялық созылымы шегінде уақыттың рұқсат етілетін ауытқуын математикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
1) Петицияны қарау нәтижесі бойынша шешім қабылданды. ҰЖ-2024-04319374
https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/820554?lang=kk