Қандай тауарларға Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне әкетуге рұқсат алу қажет?

    ·
    Сұрақ

    Қандай тауарларға Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне әкетуге рұқсат алу қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне әкетуге рұқсат алу қажет болатын тауарлардың тізімдері «Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген.

    Толық жауап:
    2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391 «Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрығы (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық) күшіне енді, бұл бұйрық кейбір өндірістік тауарларды, телекоммуникациялық және компьютерлік жабдықтың, олардың бөлшектері мен материалдарының, сондай-ақ авиация өнеркәсібінің кейбір тауарларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттеріне әкетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.

    Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды мен атаулары Бірлескен бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген.

    Бірлескен бұйрықпен белгіленген рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға:

    - және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың (СТ - KZ) түпнұсқасы немесе қазақстандық өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме болған кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығатын;

    - СТ - 1 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және әкелуді жүзеге асыруға негіз болған құжаттар болған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылған және бұрын Қазақстан Республикасына әкелінген;

    - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32759 болып тіркелген) бекітілген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларымен көзделген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті берген лицензия болған кезде қолданылмайды.

    Сондай-ақ, Бірлескен бұйрық бойынша рұқсат тек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттеріне тауар әкету кезінде қолданылады және тауарды үшінші елдерге әкетуде қажет емес.

    Мысал: Компания Америка Құрама Штаттарына азаматтық тікұшақтың отын сорғысының клапандарын жеткізуді жоспарлап отыр (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды - 8481 80 790 0 (басқалары)).

    Аталған тауар Бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына енгізілген.

    Бірлескен бұйрықтың 4-тармағына сәйкес 1-қосымшаға енгізілген тауарларды әкету (экспорт) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті беретін әкетуге рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, аталған тауарды әкету Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы болып табылмайтын мемлекетке жоспарланғанын ескере отырып, оны әкетуге рұқсат алу талап етілмейді.

    http://10.61.42.188/kaz/docs/G25TI000325

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесеТолық жауап:Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап:Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады.Толық жауап:Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады.Толық жауап:Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бер...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын...

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарғ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс. Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өнімді экспорттау үшін баламалы көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту жөніндегі бастамаларды қалай қолдайды?

    Жауап

    Қысқа жауап:Мемлекет көлік-логистикалық және сауда хабтарын құру, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік процестерін цифрландыру және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы баламалы экспорттық...

    ·
    Сұрақ

    Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Клирингтік орталық — бұл биржалық мәмілелер бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұйым. Ол ақша мен тауардың тараптарға толық көлемде берілуіне кепілдік береді.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйк...

    ·