Үйіміздің шатырында күн панелін орнатқым келеді. Мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау қарастырылған ба?

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

    Сұрақ

    Үйіміздің шатырында күн панелін орнатқым келеді. Мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау қарастырылған ба?

    Жауап
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нетто-тұтынушы — бұл өзіне тиесілі немесе өзге заттық құқық негізінде иеленген шағын қуатты объект арқылы электр және (немесе) жылу энергиясын толық немесе ішінара өз қажеттілігіне пайдаланып, артық энергияны электр желісіне беретін жеке немесе заңды тұлға. Мұндай объект тарату электр желісіне қосылған және тұтыну мен беру көлемін бөлек есептейтін жүйемен жабдықталуы тиіс. Бұл объектілерге жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын қондырғылар жатады.
    Заңнамада сондай-ақ шағын қуатты жаңартылатын энергия көздері объектісі деген ұғым бар. Бұл — жаңартылатын энергия көздері арқылы электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған, жалпы орнатылған қуаты 200 киловаттқа дейін (қоса алғанда) болатын техникалық құрылғылар мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылым.
    Мемлекет тарапынан шағын қуатты жаңартылатын энергия көздері технологияларын халық арасында дамыту үшін келесі қолдау шаралары көзделген:
    - Нетто-тұтынушылар өндірілген артық электр энергиясын тұтынушылар тобына қарамастан, біріңғай шекті бағамен энергиямен жабдықтаушы ұйымға сата алады;
    - Нетто-тұтынушылар электр энергиясын беру үшін төлем төлеуден босатылады, бұл жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізуді жеңілдетеді;
    - Энергиямен жабдықтаушы ұйым артық электр энергиясын сатып алуға міндетті, сондай-ақ энергия таратушы ұйымдар нетто-тұтынушыларды желіге қосуға міндетті. Бұл нормалар нетто-тұтынушылар мен энергия таратушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды оңайлатады және рәсімдерді бірыңғайландырады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жылу желілерінің күзет аймақтарын сақтау және олардың шегінде құрылыс, жер қазу, инженерлік коммуникациялар тарту, уақытша нысандар орналастыру және өзге де жұмыстарды жүргізу тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?

    Жауап

    Жылу желілерінің күзет аймақтарын сақтау, сондай-ақ олардың шегінде құрылыс, жер қазу, инженерлік коммуникациялар тарту, уақытша объектілер орналастыру және өзге де жұмыстарды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №331 бұйрығымен...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Әртүрлі кернеу кластарындағы әуе электр беру желілері үшін күзет аймақтарының қандай өлшемдері белгіленген және күзет аймақтарының талаптарын бұзғаны үшін қандай әкімшілік жауапкершілік көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қазанда №15943 болып тіркелген « Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Әрбір канистраны жеке таңбалаусыз таңбалау кодын тек көліктік (топтық) қаптамаға (қорапқа, паллетке) ғана жағуға жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ «Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мотор майының тұтынушылық қаптамасының әрбір бірлігі жеке таңбалануға тиіс. Таңбаланған тауарларды топтық нем...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларының қалдықтарын сатуға жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 ақпанға дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларын өткізуге тыйым салу мерзім...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Заңды тұлға өз қажеттіліктері үшін импорттайтын мотор майлары міндетті таңбалауға жата ма және бұл рәсім техникалық тұрғыдан қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабына сәйкес міндетті таңбалау талаптары тек жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін әкелетін тауарларға қо...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Электрондық шот-фактураларды және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде мотор майларын таңбалау кодтарын көрсету міндетті ме?

    Жауап

    Қазіргі уақытта электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) ресімдеу кезінде таңбалау кодтарын көрсету міндеті де, қажеттілігі де көзделмеген. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл тәсілді 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қадағалау тетіктері толық көлемде енгізілгеннен кейін де сақтауды жоспарла...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Кәсіпорын халыққа сатылған сұйытылған газ көлемін растау үшін қандай құжаттарды қолдануы керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген сұйытылған мұнай газдың көлемін нақты өткізу туралы ақпаратты растау үшін тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген СМГ-ны бөлу қағидаларының 41-тармағына сәйкес мына...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінім беру кезінде өтінішпен бірге ЖАО-ға меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет пе?

    Жауап

    Сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралықағидаларымен...

    ҚР ЭМ·