Жылу желілерінің күзет аймақтарын сақтау, сондай-ақ олардың шегінде құрылыс, жер қазу, инженерлік коммуникациялар тарту, уақытша объектілер орналастыру және өзге де жұмыстарды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №331 бұйрығымен бекітілген «Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларымен» реттеледі.
Аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жылу желілерінің күзет аймақтарында жылу желілерін пайдаланушы ұйымның жазбаша келісімінсіз құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге, инженерлік коммуникациялар салуға, уақытша құрылыстар мен автотұрақтарды орналастыруға, қоршаулар орнатуға, материалдар жинауға және жылу желілерінің сақталуына қауіп төндіретін өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға жол берілмейді.
Жылу желілерінің күзет аймақтарының талаптарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік, азаматтық-құқықтық және өзге де жауапкершілікке тартылады.
Атап айтқанда, бұзушылықтар анықталған жағдайда жылу желілерін пайдаланушы ұйымдардың уәкілетті лауазымды тұлғалары тиісті акт жасап, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Сонымен қатар, күзет аймақтарының талаптарын бұзу салдарынан жылу желілеріне залал келтірілген жағдайда кінәлі тұлғалар келтірілген шығынды толық көлемде өтеуге міндетті.
Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 304-бабына сәйкес жылу желілерінің күзет аймақтарының талаптарын бұзған жеке тұлғалармен кәсіпкерлік субъектілерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.