Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қазанда №15943 болып тіркелген « Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу» қағидаларының 10 және 11-тармақтарына сәйкес, Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.
Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:
- Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі жалаңаш сымды әуе желілері үшін – әр жағынан 2 метр.
- Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен тірелетін оқшауланған сымды (СИП) әуе желілері үшін – әр жағынан 1 метр.
- Кернеуі 1–20 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 10 метр.
- Кернеуі 35 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 15 метр.
- Кернеуі 110 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 20 метр.
- Кернеуі 220 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 25 метр.
- Кернеуі 330–500 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 30 метр.
- Кернеуі 1150 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 55 метр.
Күзет аймақтарының шегінде құрылыс, жер қазу және өзге де жұмыстарды жүргізуге арнайы шектеулер қолданылатынын есте ұстаған жөн. Электр беру желілерінің қауіпсіз пайдаланылуына әсер етуі мүмкін кез келген қызмет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып және қажет болған жағдайда электр желілерін пайдаланушы ұйыммен келісу арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Электр беру желілерінің күзет аймақтарына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 305-бабына сәйкес « Электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу» бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы бапқа сәйкес құқық бұзушыларға белгіленген мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады.