Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларының қалдықтарын сатуға жол беріле ме?
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 ақпанға дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларын өткізуге тыйым салу мерзімі белгіленбеген.
Мұндай тауар қалдықтары сәйкестендіру құралдарын қолданбай-ақ жалпы белгіленген тәртіппен толық айналымнан шығарылғанға дейін немесе олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін әкелінуі және өткізілуі мүмкін.