25.02.2015 жылғы №143 электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 65-тармағына сәйкес тараптардың келісімі бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін дербес алуға және оларды тұтынушының энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға беруіне жол беріледі. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде тұтынушы жіберген қателерді энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым олардың анықталуына қарай түзетеді.
Қағидалардың 64-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және егер бұл ретте тұтынушы өзі пайдаланған электр энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді дербес ұсынбаса, тұтынуды есептеу алдыңғы кезеңдегі электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен (бұдан әрі – Шарт) бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарының 6-тармағына сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері 21-00 сағаттан кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.
Есептеуді бұзу фактілері анықталған жағдайда есептеуді қайта есептеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган - Ұлттық экономика министрлігіне жүгіну қажет.