Қысқа жауап:
Егер сіздің медицина саласында құқықтарыңыз бұзылған болса (мысалы, қызмет көрсетудің нашарлығы немесе санитарлық нормалардың сақталмауы), сіз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне шағымдана аласыз. Аталған Комитет медициналық мекемелердің барлық ережелер мен нормаларды сақтауын қадағалайды.
Толық жауап:
Егер пациент ретінде сіздің құқықтарыңыз бұзылса - сапасыз медициналық қызмет көрсету, өрескел қарым-қатынас, ақпараттандырылған келісім ережелерін бұзу, дәрігерлік құпияны жария ету немесе санитарлық нормаларды сақтамау болсын - сіздің тиісті органдарға шағым беруге құқығыңыз бар.
Қайда хабарласуға болады:
- Медициналық мекеменің әкімшілігіне.
Ең алдымен, бас дәрігерге немесе аурухана мен емхананың өзіндегі пациенттермен жұмыс бөліміне хабарласуға болады.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне.
Аталған Комитет санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалайды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бұзушылықтар туралы пациенттердің шағымдарына ден қоя алады. Шағымды Электрондық үкіметтің бірыңғай порталы (egov.kz) немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы беруге болады.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.
Егер өтінішіңіз тиісті дәрежеде қаралмаған деп есептесеңіз, шағымды Министрлікке тікелей жолдай аласыз. Мұны жазбаша түрде немесе онлайн-сервистер арқылы жасауға болады.
- Сотқа немесе прокуратураға.
Егер сіздің құқықтарыңыздың бұзылуы ауыр зардаптарға әкеп соқса, сіздің өз құқықтарыңызды қорғау және зиянды өтеу үшін сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Маңызды: Шағым берген кезде барлық дәлелдемелерді: медициналық құжаттардың көшірмелерін, қорытындыларды, фотосуреттерді, куәгерлердің айғақтарын және т.б. қоса берген жөн.
КЕЙС: Сіз медициналық көмекке жүгіндіңіз, ал дәрігер немесе медициналық мекеме сіздің құқықтарыңызды бұзды: қызмет көрсетуден бас тартты, қажетсіз ем тағайындады, құжаттарда қате жіберілді немесе келісімсіз ақылы қызметтерді жүктеді. Барлық құжаттарды (үзінділерді, чектерді, жолдамаларды) алып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгініңіз.
Сіз:
- сапалы медициналық қызмет көрсетуді;
- құжаттардағы қателерді түзетуді;
- заң бұзушылықпен көрсетілген қызметтер үшін ақшаны қайтаруды талап ете аласыз.
Құжаттарды ұсынған жөн, алайда олардың болмауы өтініш беру құқығынан айырмайды.
Егер мәселе шешілмесе, уәкілетті денсаулық сақтау органына шағым беріңіз.
Мұны:
- Gov.kz порталы арқылы
- жазбаша немесе жеке жасауға болады.
Шағымға: құжаттардың көшірмелерін, қызмет көрсеткені үшін чектерді, орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын, денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда медициналық қорытындыларды қоса берген жөн. Егер денсаулыққа зиян келтірсе: залалды анықтау үшін басқа дәрігерге жүгініңіз, медициналық құжаттарды сақтаңыз, олар құқығыңызды қорғау үшін қажет болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/K2000000360