Байланыс қызметтерін тұтынушы ретінде менің құқықтарым бұзылса, не істеуім керек?

    ·
    Сұрақ

    Байланыс қызметтерін тұтынушы ретінде менің құқықтарым бұзылса, не істеуім керек?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Егер ұялы оператор тарапынан құқықтарыңыз бұзылса, сіз Телекоммуникация комитетіне шағымдана аласыз - бұл байланыс операторларының жұмысын бақылайтын орган.

    Толық жауап:
    Егер байланыс сапасының нашарлығына, ақшаны заңсыз есептен шығаруға немесе ұялы оператор тарапынан басқа да бұзушылықтарға тап болсаңыз, алдымен мәселені тікелей оператормен - қоңырау шалу, жеке кабинет немесе кеңсе арқылы шешуге тырысыңыз. Егер оператор мәселеңызды шешпесе немесе сіз олардың жауабымен келіспесеңіз, Телекоммуникация комитетіне шағымдана аласыз. Бұл байланыс операторларының жұмысын бақылайтын және тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік орган. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің» бірыңғай порталы арқылы шағым беруге немесе тұтынушы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда өтініш жазуға болады.

    КЕЙС: Сіз байланыс қызметін рәсімдедіңіз, алайда оператор шарт талаптарын орындамайды: интернет немесе байланыс жоқ, ақша негізсіз есептен шығарылады. Операторға хабарласыңыз: жедел желіге қоңырау шалыңыз немесе сайт/қосымша арқылы жазыңыз, хат алмасу мен скриншоттарды сақтаңыз. Сіз: қызметті қалпына келтіруді, ақшаны қайта есептеуді немесе қайтаруды, егер қызмет көрсетілмесе, шартты айыппұлсыз бұзуды талап етуге құқылысыз.

    Егер мәселе шешілмесе, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне шағым беріңіз. Мұны Gov.kz порталы арқылы, жазбаша немесе жеке жасауға болады. Шағымға қателердің скриншотын немесе оператормен хат алмасуды, шарттың немесе төлем туралы түбіртектің көшірмесін, орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса берген жөн.

    «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңы

    https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z040000567_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесеТолық жауап:Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап:Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады.Толық жауап:Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады.Толық жауап:Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бер...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын...

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарғ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс. Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өнімді экспорттау үшін баламалы көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту жөніндегі бастамаларды қалай қолдайды?

    Жауап

    Қысқа жауап:Мемлекет көлік-логистикалық және сауда хабтарын құру, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік процестерін цифрландыру және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы баламалы экспорттық...

    ·
    Сұрақ

    Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Клирингтік орталық — бұл биржалық мәмілелер бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұйым. Ол ақша мен тауардың тараптарға толық көлемде берілуіне кепілдік береді.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйк...

    ·