Қысқа жауап:
Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады:
- Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін.
- Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде.
Қайтару сатып алу жасалған дүкенде жүзеге асырылады.
Толық жауап:
Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастай аласыз:
- 1. Егер ақауы бар (сапасы лайықсыз) болса:
Қайтару немесе айырбастау өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде мүмкін болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда тауарды сатып алған сәттен бастап екі жыл ішінде қайтаруға болады. Қайтаруға өндiрiстiк ақауы, зақымдануы, ақауы бар болсане егер тауар мәлiмделген сипаттамаларға сәйкес келмесе тауарлар қабылданады. Сатып алынғанын растайтын чекті немесе басқа құжатты көрсету қажет.
- Егер тауар тиісті сапада болса, алайда сізге сәйкес келмесе:
Сатып алынған күнді есептемегенде, 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады. Егер тауар қолданыста болмаса, оның тауарлық түрі, орамасы, жапсырмалары мен пломбалары сақталса, сондай-ақ сатып алу фактісін растайтын құжат болса, бұл мүмкін. Мысалы, егер тауардың көлемі, түсі, фасоны немесе басқа да себептері сәйкес келмесе, оны қайтара аласыз.
Маңызды: Қайтару немесе айырбастау сатып алу жасалған дүкенде жүзеге асырылады. Нақты сатушы белгілеген қайтару ережелерімен алдын ала танысу ұсынылады.
КЕЙС: Сіз тауарды сатып алдыңыз және оны қайтарғыңыз немесе айырбастағыңыз келеді. Тауарды (мүмкіндігінше - чекті) алып, сатушыға барыңыз.
Сіз:
- ақшаны қайтаруды;
- тауарды ауыстыруды;
- басқасына айырбастауды талап етуге құқыысыз..
Чекті ұсынған дұрыс, алайда оның болмауы өтініш беру құқығынан айырмайды.
Қайтару мерзімі: - азық-түлікке жатпайтын тауар
- сатып алғаннан кейін 14 күн (егер тауарлық түрі, орамы және чегі сақталса);
- тамақ өнімдері немесе тез бүлінетін тауарлар тек жарамсыз болса немесе мерзімі өткен кезде ғана.
Егер мәселе шешілмесе - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне шағым беріңіз.
Мұны:
- Gov.kz порталы арқылы,
- жазбаша немесе жеке жасауға болады.
Шағымға мыналарды:
- тауардың фотосуретін
- чекті (егер бар болса)
- орын алған орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса берген жөн.
Егер денсаулыққа зиян келтірілсе дәрігерге барыңыз; медициналық құжаттарды сақтаңыз, олар құқығыңызды қорғау және сотқа жүгіну үшін қажет болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы»
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_