Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек:

    1. Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі.
    2. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі.
    3. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы.
    4. Басшылық лауазымдардағы қызметкерлердің жоғары білімдері болуы қажет.
    5. Басшының экономикалық немесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаланбаған болуы керек.

    Толық жауап:
    Тауар биржасынан аккредитациядан өту үшін компания келесі талаптарға сай болуы керек:

    -Құқық қабілетті және төлем қабілетті болуы тиіс;

    -Салық берешегі, мүлкіне тыйым салу, банкроттық не қызметінің тоқтатылуы болмауы тиіс;

    -Басшылық қызметтегі тұлғалардың жоғары білімі болуы қажет;

    -Бірінші басшының экономикалық немесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін соттылығы болмауы керек.

    Сондай-ақ биржаға келесі құжаттарды ұсыну қажет:

    1. Мүшелікке қабылдау туралы өтініш;
    2. Компанияның жарғысы немесе ережесінің көшірмесі;
    3. Құрылтай шарты (бар болса);
    4. ҚҚС бойынша тіркеу туралы анықтама (бар болса);
    5. Соңғы қаржы жылына арналған қаржылық есеп;
    6. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
    7. Кіру жарнасының төленгенін растайтын құжат;
    8. Басшының соттылығы жоқ екені туралы анықтама;
    9. Компанияның нақты иелері (бенефициарлар) туралы ақпарат.

    Мысалы, егер компания тауар биржасында брокер немесе дилер ретінде жұмыс істегісі келсе, ол өзінің сенімді әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты екенін және ешқандай заң бұзушылықтары жоқ екенін дәлелдеуі тиіс. Биржаға өтініш, құрылтай құжаттары, қаржылық есептілік, анықтамалар және жарнаның төленгенін растайтын құжаттар тапсырылады. Егер барлық мәліметтер талаптарға сай болса – компания сауда-саттыққа жіберіледі және биржада жұмыс істей алады.

    1)«Тауар биржалары туралы»

    Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы.

    2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидалары

    1) https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z090000155_

    2) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010993






    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады.Толық жауап:Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Т...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді.Толық жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғ...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, ор...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қаже...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайта...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушыл...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жабдықтарды жөндеу жөніндегі сервистік орталық өз қызметтерінің прайс парағын ұсынбай, диагностика мен жөндеу үшін соманы қояды, Мен онымен келіспеймін, өйткені мен бір жыл бұрын 2,5 есе арзан төледім. Қызмет көрсету шарттары мен бағалардың өзгергені туралы хабарланбады, осылайша мені таңдау құқығынсыз қалдырды, өйткені мен аппаратты жөндеуге тапсырдым. Қабылдау актісінде де, хат алмасуда да, әңгімеде де баға айтылмады, бәрі фактіден кейін. Айтыңызшы, сервистік орталықтың жұмысы тарапынан бұзушылық бар ма?

    Жауап

    Құрметті Сабина! Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі-Комитет) Сіздің өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде "тұтынушылардың құқықтарын қор...

    ҚР СИМ·