Қысқа жауап:
Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 203, 425, 701-баптары).
Толық жауап:
Егер сатып алынған өнімнің сапасыз екенін анықтасаңыз:
- Бағаны төмендетуді талап етуге;
- Тауарды қайтарып беріп, ақшаны қайтарып алуға;
- Тауарды ұқсас тауарға ауыстыруға;
- Кемшіліктерді ақысыз түзетуге;
- Кемшіліктерді түзетуге жұмсалатын шығындарды өтеуді талап етуге құқылысыз.
(Негіздеме: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 15-баптары)
Өнімдердің сапасын бақылаумен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті айналысады. Аталған комитет санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды және сатушыларды жауапкершілікке тарта алады.
Егер шағым бергіңіз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз керек. Олар тәртіп бұзушыларға айыппұл салуы мүмкін (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 203, 425, 701-баптары).
КЕЙС: Сіз азық-түлік сатып алдыңыз, ал үйде оның бұзылғанын және мерзімі өтіп кеткенін байқадыңыз.
Тауарды (мүмкіндігінше - чекті) алып, сатушыға барыңыз.
Сіз:
- ақшаны қайтаруды;
- тауарды ауыстыруды;
- басқасына айырбастауды талап етуге құқылысыз.
Чекті ұсынған дұрыс, алайда оның болмауы өтініш беру құқығынан айырмайды.
Егер мәселе шешілмесе:
- Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне шағым беріңіз.
Мұны:
- Gov.kz порталы арқылы,
- жазбаша немесе жеке жасауға болады.
Шағымға мыналарды:
- тауардың фотосуретін
- чекті (егер бар болса)
- орын алған орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса берген жөн.
Егер денсаулыққа зиян келтірілсе, өнімнен улансаңыз немесе өзіңізді нашар сезінсеңіз:
- дәрігерге барыңыз;
- құжаттарды сақтаңыз - олар құқығыңызды қорғау үшін қажет болады.
1)«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235