тауарларды таңбалау дегеніміз не?

    ·
    Сұрақ

    тауарларды таңбалау дегеніміз не?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Бұл тауарға оның шығу тегі туралы ақпаратты қамтитын және түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы код қою.

    Толық жауап:
    Тауарларды таңбалау бұл өнімге арнайы машинамен оқылатын кодты (мысалы, штрих-код немесе Data Matrix) енгізу. Бұл кодта өндіруші туралы мәлімет, шығарылған күні және тауардың бірегей нөмірі көрсетіледі. Осы код арқылы тауардың өндірілген немесе елге әкелінген сәтінен бастап сатып алушыға сатылғанға дейінгі жолын бақылауға болады. Бұл тауардың заңды екенін және жалған еместігін растауға мүмкіндік береді .

    Мысалы,
    Қарағанды қаласында адам дәріханадан дәрі сатып алады. Фармацевт кодты сканерлейді, жүйе препараттың нақты фармацевтикалық компанияда өндірілгенін, Қазақстанға ресми әкелінгенін және айналымнан алынбағанын көрсетеді. Егер код базаға тіркелмесе немесе бұрын сатылған болып шықса, оны сатуға болмайды. Тағы бір мысал: сатып алушы аяқ киім алады. Сатып алғаннан кейін код «сатылды» деп белгіленеді. Бұл сол кодты басқа қорапқа қайта қолдануға болмайтынын білдіреді. Осылайша әрбір тауар бірегей және бақылауда болады.

    1) ҚР 2019 жылғы 1 наурыздағы №230-VI Заңымен
    2) ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №589 қаулысымен көзделген
    3) Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы 2018 жылғы 2 ақпандағы келісімдер

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000230 ;

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000589 ;

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/H20M000011R

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесеТолық жауап:Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап:Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады.Толық жауап:Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады.Толық жауап:Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бер...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын...

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарғ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс. Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өнімді экспорттау үшін баламалы көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту жөніндегі бастамаларды қалай қолдайды?

    Жауап

    Қысқа жауап:Мемлекет көлік-логистикалық және сауда хабтарын құру, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік процестерін цифрландыру және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы баламалы экспорттық...

    ·
    Сұрақ

    Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Клирингтік орталық — бұл биржалық мәмілелер бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұйым. Ол ақша мен тауардың тараптарға толық көлемде берілуіне кепілдік береді.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйк...

    ·