Карталарды қашықтан шығарған және қайта шығарған кезде биометрияны пайдалану арқылы екі факторлы бірдейлендіру қолданылады. Банктік карталар мобильді байланыстың тек қазақстандық нөмірлеріне ғана байланыстырылуы мүмкін, бұл шетелдік SIM-карталардың қолма-қол ақшаға айналдыратын схемаларда пайдаланылуын болдырмайды.
Сондай-ақ, карталардың санына шектеу белгіленген:
- бір банкте 5 картадан аспауға тиіс;
- әртүрлі банкте 10 картадан аспауға тиіс;
- тәуекел деңгейі жоғары бейрезидент клиенттерде – мерзімі 12 айға дейінгі тек 1 карта.
Мұндай шара карталарды одан әрі көлеңкелі айналымға беру үшін оларды бір адамға жаппай тіркеудің алдын алады.
Тиісті өзгерістер «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысына енгізілді.