«Сұр» және «қара» «дропперлер» тізімі деген нені білдіреді?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    «Сұр» және «қара» «дропперлер» тізімі деген нені білдіреді?

    Жауап

    Дропперлік схемалармен тиімді түрде күресу үшін күдікті клиенттерді орталықтандырылған есепке алу жүйесі құрылды. Бұл жұмысты Ұлттық Банктің Антифрод орталығы жүргізеді, онда банктерден, төлем ұйымдарынан, телеком-операторлардан және құқық қорғау органдарынан ақпарат келіп түседі.

    Жүйеде дерекқордың екі деңгейі: дропперлердің сұр және қара тізімдері қалыптастырылады.

    «Сұр тізімге» күдікті операциялар анықталған клиенттер кіреді. Бұл «әрекеттер базасы» - дәлелденбеген бұзушылық, бірақ банктер мен реттеушілер үшін клиенттің картасы немесе шоты дропперлік схемаларында қолданылғанын білдіретін белгі.

    «Қара тізімге» заңсыз операцияларға қатысуын құқық қорғау органдары растаған клиенттер кіреді. Бұл дәлелденген факт («оқиғалар базасы») және мұндай адамдар бұзушылық жасаушы ретінде танылады.

    Дропперліктің алғашқы белгілері пайда болған сәтте банк қашықтан қызмет көрсетуді шұғыл тоқтата тұруға, шот бойынша шығыс операцияларын бұғаттауға және Антифрод-орталыққа хабар жіберуге міндетті. Ақпарат бірден басқа банктер мен микроқаржы ұйымдарына қолжетімді болады.

    «Сұр және қара дропперлердің» тізімдері еш жерде жарияланбайды, себебі ол дербес деректерді қамтиды және тек қызметтік мақсаттарда қолданылады. Бұл ақпаратты және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарына сәйкес, бірақ бұл ретте қаржы ұйымдары мен қадағалау органдары арасындағы жылдам деректер алмасуды қамтамасыз етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қарызды өтеуге енгізілген ақшаның бөлінуі және берешек қалдығы туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұрау салуы бойынша (банк құпиясы талаптарын сақтай отырып) сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді ұсынады: 1) банкке тө...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарызды толық өтегеннен кейін кредиттік тарих қанша мерзімде жаңартылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредит бюролары және кредит тарихын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, ақпарат берушілер (банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де кредиторлар) кредит тарихының субъектісі туралы тиісті деректер алынған...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    «Стоп кредит» қарыз алуға өзін-өзі шектеуді қалай жоюға (алып тастауға) болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабының 5-1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 3-бабының 3-2-тармағына сәйкес, жеке тұлға банктік қарыздарды/микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеуге немесе алып т...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредиттік тарихты (кредиттік есепті) қалай алуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кредиттік тарих субъектісі күнтізбелік жылда бір рет өзінің кредиттік есебін тегін алуға құқылы. Оны келесі арналар арқылы алуға болады: eGov.kz порталы немесе eGov mobile...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Сақтандырушы зиян мөлшері туралы есеппен қандай мерзімде таныстыруы тиіс? Зиян мөлшері туралы есепте Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалардың 3-қосымшасының 3-тармағында көрсетілген белгілердің болуы міндетті ме?

    Жауап

    КҚИ АҚЖ МС Заңнамасына сәйкес, зақымдалған мүлікті қарап-тексергеннен кейін сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін бес жұмыс күнінен кешіктірмей анықтауға тиіс.Зиян мөлшері есептелгеннен кейін сақтандырушы зардап шеккен адамға есептелген зиян сомасы көрсетілген есепті танысу ү...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Жол полициясы органдарында тіркелген тіркемені бөлек сақтандыру қажет пе? Тіркемені басқа көлік құралдарымен бірге бір жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыруға бола ма?

    Жауап

    Тіркемені бөлек те, басқа көлік құралдарымен бірге де сақтандыруға болады.Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша стандартты шарт жасалса, сақтандыру әрбір көлік құралына жеке рәсімделеді. Яғни, автомобиль мен тіркеме бөлек сақтандырылады.Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша кешенді шарт жасалса, бір шартқа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Мобильді қосымшалар мен интернет-платформалар арқылы жолаушыларды тасымалдайтын такси жүргізушілеріне жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырудың жеке полисін рәсімдеу қажет пе?

    Жауап

    Егер жүргізуші жолаушыларды интернет-платформа немесе мобильді қосымша арқылы (мысалы, такси қызметін көрсетсе) ақылы түрде тасымалдаса, ол тасымалдаушы болып саналады және жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыруға тиіс.Автокөліктің кәдімгі сақтандыру полис...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автомобильдерге және шетелде тіркелген автомобильдерге 6 ай мерзімге уақытша сақтандыру полисін енгізу жоспарланып отыр ма?

    Жауап

    Көлік құралының иесі оны сатып алғаннан немесе тиісті кедендік рәсімдерді аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге міндетті.Осыған байланысты Қазақстан Республикасында әлі тіркелмеген және шетелдікке не Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азам...

    ҚР ҚНРДА·