Электрмен жұмыс істемейтін персонал үшін электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы қажет пе?

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

    Сұрақ

    Электрмен жұмыс істемейтін персонал үшін электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы қажет пе?

    Жауап

    Қауіпсіздік техникасының тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларымен реттеледі.

    Қағидалардың 1-қосымшасымен Электр техникалық (электр технологиялық) персоналдың

    электр қауіпсіздігі бойынша персоналдың қабылдау топтары және оларды тағайындау шарттары бекітіледі.

    Электр саласына қатысы жоқ жұмыскерлерге электр қауіпсіздігі бойынша I топты ғана бекіту қолданылады.

    I топты тағайындау ауызша емтихан және (қажет болған жағдайда) қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша алынған дағдыларды тексеру түріндегі білімді тексерумен аяқталатын мақсатты нұсқама арқылы жүзеге асырылады.

    I топты тағайындауды ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын III топтағы электр техникалық персонал қатарынан жұмыскер жүзеге асырады.

    Лауазымдық нұсқаулықта белгіленген талаптар шеңберінде I топтың электр қауіпсіздігі бойынша рұқсатты растау үшін білімнің ең аз көлемі:

    1. Адам ағзасына электр тоғының қаупі туралы қарапайым білім.
    2. Лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр сымына қосу (электр розеткасы арқылы) және қорғаныс құралдарын (қаптамасын, панелін) алмай және электр ашасын, розетканы, адыратқышты, автоматты бөлшектемей тұрмыстық және кеңсе техникасын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау көлемінде.

    Өндірістік персоналдың І топқа жатқызылуын талап ететін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін ұйымның басшысы айқындайды.

    Электр қауіпсіздігі бойынша бірінші рұқсаттама тобы ұйым персоналының электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы төрттен төмен болмайтын адамның бірге жүруінсіз электр қондырғыларының жанына тікелей жақындауға мүмкіндік бермейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жылу желілерінің күзет аймақтарын сақтау және олардың шегінде құрылыс, жер қазу, инженерлік коммуникациялар тарту, уақытша нысандар орналастыру және өзге де жұмыстарды жүргізу тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?

    Жауап

    Жылу желілерінің күзет аймақтарын сақтау, сондай-ақ олардың шегінде құрылыс, жер қазу, инженерлік коммуникациялар тарту, уақытша объектілер орналастыру және өзге де жұмыстарды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №331 бұйрығымен...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Әртүрлі кернеу кластарындағы әуе электр беру желілері үшін күзет аймақтарының қандай өлшемдері белгіленген және күзет аймақтарының талаптарын бұзғаны үшін қандай әкімшілік жауапкершілік көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қазанда №15943 болып тіркелген « Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Әрбір канистраны жеке таңбалаусыз таңбалау кодын тек көліктік (топтық) қаптамаға (қорапқа, паллетке) ғана жағуға жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ «Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мотор майының тұтынушылық қаптамасының әрбір бірлігі жеке таңбалануға тиіс. Таңбаланған тауарларды топтық нем...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларының қалдықтарын сатуға жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 ақпанға дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларын өткізуге тыйым салу мерзім...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Заңды тұлға өз қажеттіліктері үшін импорттайтын мотор майлары міндетті таңбалауға жата ма және бұл рәсім техникалық тұрғыдан қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабына сәйкес міндетті таңбалау талаптары тек жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін әкелетін тауарларға қо...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Электрондық шот-фактураларды және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде мотор майларын таңбалау кодтарын көрсету міндетті ме?

    Жауап

    Қазіргі уақытта электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) ресімдеу кезінде таңбалау кодтарын көрсету міндеті де, қажеттілігі де көзделмеген. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл тәсілді 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қадағалау тетіктері толық көлемде енгізілгеннен кейін де сақтауды жоспарла...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Кәсіпорын халыққа сатылған сұйытылған газ көлемін растау үшін қандай құжаттарды қолдануы керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген сұйытылған мұнай газдың көлемін нақты өткізу туралы ақпаратты растау үшін тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген СМГ-ны бөлу қағидаларының 41-тармағына сәйкес мына...

    ҚР ЭМ·
    Сұрақ

    Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінім беру кезінде өтінішпен бірге ЖАО-ға меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет пе?

    Жауап

    Сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралықағидаларымен...

    ҚР ЭМ·