Тұжырымдаманың мақсаты – азаматтар мен олардың әл-ауқатын басты құндылық ретінде қарастыратын сервистік және адамға бағдарланған («адаморталықты») мемлекеттік басқару моделіне көшу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 9 негізгі міндет айқындалған. Олар клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, халықтың қажеттіліктеріне негізделген проактивті қызметтерге көшуді, мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыруды, квазимемлекеттік секторды реформалауды және басқа да бағыттарды қамтиды.
Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесін қолданумен қатар мемлекет пен азаматтар арасындағы коммуникацияны жақсартады. Сонымен бірге ол Жалпыұлттық басымдықтар мен Қазақстан–2050 стратегиясы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған үш деңгейдегі құжаттардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.