Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесі нені білдіреді?

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

    Сұрақ

    Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесі нені білдіреді?

    Жауап

    Жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі реформаларды әртүрлі деңгейлерде қарастыра отырып, салалық дамуды да назардан тыс қалдырмайтын «Бір ел – бір стратегия» қағидатын іске асырады.

    Мемлекеттік жоспарлаудың маңызы бірнеше есе артты, өйткені пандемия бұрыннан бар сын-қатерлерді ушықтырып, жаңа қауіптерді туындатты. Мұндай жағдайларда бірде-бір мемлекеттік орган жеке өзі жұмыс істей алмайды және жұмыс істемеуі тиіс. Қиындықтар тек экономика немесе денсаулық сақтау салаларымен ғана шектелмейді – мәселе кешенді сипатқа ие, сондықтан оны үйлесімді әрі үйлестірілген түрде шешу қажет.

    Бұл ретте Агенттіктің рөлі үйлестіруші функцияны атқаруға бағытталады, ал жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі өзара байланыстырушы тетік, икемді архитектура ретінде қызмет етуі тиіс. Оның аясында түрлі құжаттар мен бағдарламалар бір-бірін толықтырып, үйлесімді түрде қатар жүзеге асырылады.

    Жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кіретін құжаттардың басты мақсаты – «Қазақстан–2050» стратегиясы шеңберінде қойылған ұзақ мерзімді міндеттерді орындау.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың қандай негізгі қағидаттары бар?

    Жауап

    1) мәнінің пішіннен басымдығы — нақты және өлшенетін нәтижесінің оған қол жеткізу бойынша жұмыс пішінінен басымдығы; 2) әдепкі бойынша цифрландыру — мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өзара цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимылының басымдығы; 3) басқарушылық...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі деген не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі – бұл ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) және орта мерзімді (бір жылдан қоса алғанда 5 жылға дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара...

    Сұрақ

    Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығымен бекітілген) кешенді жоспар әзірлеу көзделеді. Кешенді жоспар қандай құрылымдық элементтерді қамтиды? Оны әзірлеу қандай құжаттар және шешімдер негізінде жүзеге асырылады?

    Жауап

    Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша дамудың маңызды салалық мәселелерін жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді. Кешенді жоспардың құрылымына мыналар кіреді: паспорт, күтілетін нәтижелер, іс-шаралар (нақт...

    Сұрақ

    Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығының негізгі мақсаты қандай?

    Жауап

    Жарлықтың мақсаты — мемлекеттің бизнеске қатысуын азайту, жеке секторды дамыту, реттеуді жеңілдету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту есебінен неғұрлым бәсекеге қабілетті және ашық экономиканы қалыптастыру.

    Сұрақ

    Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін не қажет?

    Жауап

    Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет: - клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; - стратегиялық және бюджеттік жоспарлау тәсілдерін, сондай-ақ реформаларды жүргізу тетіктері...

    Сұрақ

    Мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының «бірыңғай терезесі» дегеніміз не және ол не үшін құрылады?

    Жауап

    Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай орталық, яғни «бірыңғай кіру нүктесі» құрылатын болады. Осы жүйе арқылы азаматтар әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау мүмкіндігіне ие болып, өз мәселелерін ыңғайлы әрі жедел...

    Сұрақ

    Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институты алдағы уақытта қалай дамиды?

    Жауап

    Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жергілікті тұрғындармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде шешімдерді жергілікті деңгейде қабылдау маңызды. Бұл жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін едәуір арттырып, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара байланысты кү...

    Сұрақ

    Қазақстанда құқық қорғау жүйесі алдағы уақытта қалай дамиды?

    Жауап

    Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, құқық қорғау жүйесі мемлекеттің азаматтар мүддесіне қызмет етуінің жаңа стандарттарын қалыптастыруда негізгі рөл атқаратын болады. Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін бағалаудың басты...