Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатты қалай алуға болады ?
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу үшін сілтеме бойынша өтіп, www.elicense.kz порталда өтінім беру қажет. Қызмет заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тегін және қолжетімді.Қызмет көрсету мерзімі - өтініш берген күннен бастап 25 жұмыс күні. Өтініммен қатар талап етілетін құжаттардың толық пакетін жүктеу маңызды, әйтпесе қызмет көрсетуден бас тартылады. Егер сұрақтар туындаса, 8 (7172) 74-91-06 телефоны бойынша хабарласыңыз.