Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды биометриялық сәйкестендіру жүйелері енгізілуде, бұл қаншалықты заңды және биометриялық сәйкестендіруден өтуден бас тарту балабақшадан шығаруға себеп бола ма?
Мектепке дейінгі мекемелерде дербес деректерді жинауға, өңдеуге заңды өкілінің (ата-анасының, қамқоршысының) келісімін алмай биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде биометриялық сәйкестендіруден өтуден бас тарту Қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды, өйткені қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада биометриялық сәйкестендіруден өту бойынша міндетті талап жоқ.