Менің дербес деректерімді WhatsApp мессенджер тобына таратқан адамды қалай жауапқа тартуға болады?
Жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасау немесе WhatsApp мессенджер тобында дербес деректерді таратқан адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы мәселені қарау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда көрсетілген өлшемшартына сәйкес келетін өтініш (әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін дәлелді негіздер не жеткілікті деректер) және әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күн туралы ақпарат, сондай-ақ дербес деректерді заңсыз жинауды, өңдеуді жүзеге асырған тұлға туралы ақпарат қажет.