Ұялы байланыс операторының базалық станциясы шығаратын электромагниттік сәулеленудің максималды рұқсат етілген деңгейі қандай? Және олар қандай қашықтықта болуы керек?
Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады. Тұрғын үйлерден базалық станцияларға дейінгі қашықтық сәулелену қуатына және жабдық түріне байланысты ("байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңының 6-тарауының 29-бабының 1-тармағына сәйкес).