Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректердің қорғалуын бақылайды, ережелер әзірлейді және олардың орындалуын қадағалайды.
Яғни, заңнаманы жетілдіреді және кінәлі адамдарды аталған саладағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартады.
Көбінесе таралып кетудің себептері дербес деректерді қорғау талаптарын, сондай-ақ адами факторды елемеу болып табылады.
Өз тарапымыздан дербес деректердің таралып кеткені үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында біз дербес деректер саласындағы бұзушылықтар және оларды қорғау саласындағы айыппұлдарды 3 есеге ұлғайту бойынша жұмыстар жүргіздік, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы.
Бұдан басқа, біз заңнаманың талаптарын тұрақты негізде өзектендіреміз және дербес деректерді сенімді сақтау үшін техникалық шараларды енгіземіз.
Осындай шаралардың бірі мемлекеттік органдар мен мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде міндетті болып табылатын дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисін енгізу болып табылады.