Мен жолдасымнан 2023 жылы заңды түрде ажырасқанмын. Енді атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарымды тапсырсам, алимент аласыңба деп сұрайды. Осы дұрыспа?
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі кіріс отбасының жиынтық кірісіне есептеледі. Сол үшін сұралады.