ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 9-бабына сәйкес:
Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Құмар ойындар саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бәс тігу саласындағы қызмет өтінім берушіге букмекерлік кеңсе не тотализатор қызметіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Лицензиялық алымның, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі «Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығымен бекітілген.