«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-1-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамдарды тізімнен алып тастайды.
Осылайша, ойын бизнесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында қолданылатын нормаларды сөзбе-сөз ұғындырудың тура мағынасына сәйкес түсіндіру кезінде жоғарыда айтылған анықтамалар мен ұғымдардың мағынасын басшылыққа ала отырып, уәкілетті орган жеке тұлғаны шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өзін-өзі шектегендер тізімінен алып тастай алады, тиісінше жеке тұлға берген өтінішті қайтарып алуға немесе кері қайтарып алуға болмайды.
Сонымен қатар, осы баптың 2-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды уәкілетті орган азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тізімнен алып тастайды.