Қазақстандық қызанақ пен бұрыш әкелуге ресейлік тыйым кедергі деп танылдыма?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Қазақстандық қызанақ пен бұрыш әкелуге ресейлік тыйым кедергі деп танылдыма?

    Жауап

    Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуді шектейтін Ресей билігінің әрекеттерін заңсыз деп таныды.

    2021 жылғы 16 наурызда Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Қазақстан Республикасынан қызанақ пен бұрыш жемістерін әкелуге ресейлік тыйым салудың заңдылығы мәселесін қарады. Алқа мүшелері мен тараптар өкілдерінің пікірсайысының қорытындысы бойынша ЕЭК Алқасы өткен жылдың соңында Россельхознадзор (Ресей Федерациясының ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі) белгілеген тыйым заңсыз болып табылады және кедергі деп танылады деп шешті.

    Ресей Федерациясы ЕЭК Алқасының қабылдаған шешіміне сәйкес белгіленген тыйымдарды бір ай ішінде жою қажет.

    Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Россельхознадзор Павлодар облысынан қызанақ пен бұрыш әкелуге, ал 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерінің қоңыр әжім вирусының (Тomato brown rugose fruit virus) қазақстандық өнімде болуына сілтеме жасай отырып, тыйым салды.

    «ЕАЭО-ның құқықтық базасына сәйкес фитосанитариялық бақылау және тиісті шаралар жалпы келісілген Тізбеде бар вирустарға қатысты ғана қолданылады. Алайда, Россельхознадзор қолданыстағы келісімдерді бұза отырып, бақылау шараларын жүргізіп, қазақстандық өнімдерді әкелуге тыйым салды.

    Жеке зерттеулер, соның ішінде Нидерландыда жүргізілді, олар қазақстандық қызанақтар мен бұрыштарда қандай да бір вирустардың жоқтығын дәлелдеді.

    Біздің бастамамыз бойынша бұл мәселе осы жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО органдарының алаңында бірнеше рет қаралды. Барлық серіктестер, ресейліктерді қоспағанда, бізді қолдады. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша ірі жеткізушілерден шектеулерді алып тастауға мүмкіндік туды.

    Сонымен қатар, жалпы қазақстандық өнімдерді әкелуге тыйым салу жұмысын жалғастырды.

    Тыйым салу белгіленген сәттен бастап Қазақстандық кәсіпорындар 200 млн. теңгеден астам соманы жоғалтқанын атап өткім келеді. ЕЭК алқасы біздің дәлелдерімізді естіді және Ресей билігінің әрекеттерін тосқауыл деп таныды » - деп атап өтті сауда және интеграция вице-министрі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады.Толық жауап:Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек: Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Т...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді.Толық жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғ...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, ор...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қаже...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайта...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушыл...

    ҚР СИМ·