Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалмайды?

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалмайды?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тағайындалмайды:

    1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асып кеткен;

    2) өтініш берушінің учаскелік комиссияның материалдық жағдайға тексеру жүргізуден бас тартуы;

    3) учаскелік комиссия адамның (отбасының)материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытынды берген;

    4) отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде (бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдарды; оқушыларды, студенттерді, тыңдаушылар, курсанттар мен күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды; екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды; үш жасқа дейінгі бала күтімін жүзеге асыратын ата-аналардың бірін, мүгедектігі бар бала күтімін жүзеге асыратын адамдарды, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сексен жастан асқан, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарды қоспағанда);

    5) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) алушының кінәсінен-атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінудің алдындағы алты ай ішінде әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау;

    6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтерді және (немесе) дәйексіз құжаттарды ұсыну – оларды ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда...

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    Жауап

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары,...

    ·
    Сұрақ

    ЭЦҚ кілтін қайта шығару немесе жаңа ЭЦҚ кілттерін алу мерзімі аяқталды.

    Жауап

    ҚР Ұлттық куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сізге өтінім онлайн режимде pki.gov.kz сайтында немесе қажет құжаттар жиынтығын ХҚКО-ға беру болады (сондай-ақ өтінімді тікелей ХҚКО-ға тапсыруға болады).

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағанна...

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін бірінші кезекте жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істемей...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаж...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы кімге беріледі?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредиттер және көтерме жәрдемақы беріледі. Бағдарламаға ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кеше...

    ·