Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдаудың тәртібі қандай?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Сұрақ

    Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдаудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесі және олардың қызметі қағидаларының» 9-1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары төменде көрсетілген талаптарға:

    1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық нормативке;

    2) Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша бастапқы дайындық топтарына қабылдануға арналған оқушылардың жас шамасына сай болған жағдайда қабылданады:

    Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар еркін түрде өтініш жазып, спорт мектебінің кеңсесіне немесе «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған негізгі талаптар тізімінде көрсетілген құжаттарды қоса отырып тапсырады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселердің жарнамасын орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жа...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын көлік құралдарында орналастыруға рұқсат етіле ме ?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жа...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын ғимараттар мен құрылысжайларда орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 1-1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторларды...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын қаланың орталық көшелеріндегі баннерлерде орналастыруғы рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 3-бабының 9) тармақшасына және 13-бабы 1-4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама – елді м...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне казиноларда құмар ойындарға қатысуға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Сыба...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Компания банктік шоттан үзінді көшірме, селфи, жеке куәлік беруді талап етіп, менің платформамдағы шотымнан ақша төлеу процесін әдейі кешіктіреді.

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленг...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    2024 жылдың тамыз айында мен екінші спортшының жеңісіне арналған теннис матчына онлайн қосымша арқылы ставка жасадым. Оның жеңісін мен теледидардан көрдім. Бұл букмекерлік кеңсе ұтылған ставканы есептеп, ұтысты төлеуден бас тартты. Менің ақшамды алуға көмектесіңіз

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2- тармағына сәйкес Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, б...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Интернет-казино мен лотереяның заңсыз қызметімен интернет-ресурстар қалай бұғатталады?

    Жауап

    Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. «Ойын бизнесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензия...

    ҚР ТСМ·