«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес дербес деректердің екі түрі бар: жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі
- Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер - бұл Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын жеке тұлғаның келісімімен қол жеткізу еркін болып табылатын деректер немесе мәліметтер,
- Қолжетімділігі шектелген дербес деректер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген деректер болып табылады.
Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жеке, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық құпия, медицина қызметкерінің құпиясы және заңмен қорғалатын өзге де ақпарат жатады. Сондай-ақ бұл санатқа дербес деректерді қамтитын құпиялылық белгісі бар кез келген мәліметтер жатады. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жеке, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық құпия, медицина қызметкерінің құпиясы және заңмен қорғалатын өзге де ақпарат жатады. Сондай-ақ бұл санатқа дербес деректерді қамтитын құпиялылық белгісі бар кез келген мәліметтер жатады.
Жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірін және басқа да деректерін пайдалану оларды қандай да бір құпиядан бөлек пайдалану кезінде жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерге жатады. Бұл ретте, аты-жөні, ЖСН, телефон нөмірі және басқа да деректер қаржы құпиясымен, медицина қызметкерінің құпиясымен немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиямен үйлесімде қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қатысты болады.