Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне жабдықты қосу үшін «Е-лицензиялау» порталы (https://www.elicense.kz) арқылы өтініш беру және келесі қажетті құжаттарды тіркеу қажет:
- Тізілімге енгізу туралы өтініш (белгіленген нысан бойынша).
- Майнинг жабдықтары туралы ақпарат (белгіленген нысан бойынша).
- Жабдыққа меншік құқығын немесе оны заңды негізде пайдалану құқығын растайтын құжат.
Анықтама үшін: Құжаттар тізімінің белгіленген нысандарымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №138/НҚ бұйрығымен бекітілген цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларының 2 және 3-қосымшаларында танысуға болады.
«Е-лицензиялау» порталындағы мемлекеттік қызметтің атауы:
Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне қосу (тізілімнен алып тастау)